Без рубрики
ШЕКАРАДА 636 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ДЕКЛАРАЦИЯЛАНБАҒАН ВАЛЮТА АНЫҚТАЛДЫ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекараның өткізу бекеттерінде декларацияланбаған валютаны алып өтудің 38 әрекетін анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында жалпы құны 636 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша тәркіленген.
Ең ірі заң бұзушылықтардың бірі Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу пунктінде тіркелді. Жүк көлігін тексеру кезінде шетел азаматының жанынан 350 мың АҚШ доллары (170 миллион теңгеден астам) декларацияланбаған валюта табылған.
ҰҚК хабарлауынша, анықталған барлық деректер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданған.



