Без рубрики
ҚАЗАҚСТАНДА БИДАЙ ИМПОРТЫНА УАҚЫТША ТЫЙЫМ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай импортын уақытша шектеу туралы бұйрық жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, Қазақстанға бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым енгізу ұсынылып отыр.

Қазақстандық астықтың тұрақты сатылуын қамтамасыз ету және ішкі нарықты қорғау мақсатында қолға алынған.
Бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылып, «Ашық» нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.
Егер құжат қабылданса, шектеу үшінші елдерден, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы бидай әкелуге қатысты болады.



