Без рубрики

АЙТЫМ ЖАҚЫПОВТЫҢ ҚАУІПТІ МАНЕВРІ ЖҰРТТЫҢ СЫНЫНА ҰШЫРАДЫ

Қазақстандық блогер Айтым Жақыпов жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған видеосынан кейін әлеуметтік желі қолданушыларының сынына қалды.

Желіде тараған кадрларда жүргізушінің жол жиегімен қозғалып, жол белгілерінің талаптарын елемегені байқалады. Сонымен қатар ол бұрылыс шамын қоспай маневр жасап, қарсы бағыттағы жолаққа шығып, жолдағы өзге көліктерге қауіп төндірген.

Әлеуметтік желі қолданушылары көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі арқылы жүргізушінің Айтым Жақыпов екенін анықтаған. Кейін блогер көлікті өзі басқарғанын растады.

Айтым Жақыпов көпшіліктен кешірім сұрап, сол күні маңызды шаруамен қатты асыққанын айтып түсініктеме берген.

Оқиғадан кейін желі қолданушылары блогерді жүргізуші куәлігінен айыруды талап етті. Алайда полиция оны әкімшілік жауапкершілікке ғана тартқан.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close