Без рубрики
АСТАНАДА LRT-НЫҢ ЖАҢА ТАРИФТЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Астанадағы Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінде тұрақты жолаушыларға арналған жаңа тарифтік жүйе енгізіледі. Жаңа ережелер 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Енді жолаушылар бір реттік жолақымен қатар, бірнеше күнге немесе айға арналған абонементтерді, сондай-ақ сапарларды тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретін тарифтік пакеттерді пайдалана алады.
Жаңа тарифтер төмендегідей:
- 500 теңге – 1 күн;
- 1 500 теңге – 3 күн;
- 2 500 теңге – 5 күн;
- 4 000 теңге – 10 күн;
- 5 000 теңге – 15 күн;
- 7 500 теңге – 1 ай;
- 20 000 теңге – 3 ай.
Жаңа тарифтік жүйе қоғамдық көлікті жиі пайдаланатын тұрғындарға жол жүру шығындарын азайтып, LRT қызметін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.



