Без рубрики

Үндістанның Мумбай қаласына бір тәулікте 200 мм-ден астам жауын-шашын түсті.

Осыған орай билік өкілдері қауіп-қатердің ең жоғары — «қызыл» деңгейін енгізген. Қазір елде тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, көлік қозғалысы да тоқтап, мектептер де уақытша жабылды.

Ел бойынша 20 адам табиғат апаты салдарынан жарақат алып, 9 адам көз жұмды. Үндістандықтар әдетте маусымда басталатын муссон маусымының қыркүйекке дейін жалғасатынын айтады. Сондықтан алдағы айларда да елді су басу қаупі сейілмейді, дейді ел синоптиктері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close