Без рубрики

ЕЛДЕГІ ЕҢ ІРІ МЕШІТКЕ «НҰРСҰЛТАН МЕШІТІ» АТАУЫ БЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін хабарлады. Діни басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл мешіт елорданың ғана емес, бүкіл Қазақстан мұсылман қауымының ортақ рухани ордасына айналған.

Бас мүфтияттың мәліметінше, мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, сондай-ақ ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға қызмет етіп келеді.

«Жаңа атаумен республикалық Бас мешіт алдағы уақытта да халқымыздың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға үлес қоса береді», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, аталған мешіт Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен салынған. Нысан 2022 жылдың тамыз айында пайдалануға берілген.

Елордадағы ең ірі діни кешендердің бірі саналатын мешіт бір мезетте 30 мың адамға дейін қабылдай алады. Бүгінде ол тек құлшылық орны ғана емес, еліміздегі рухани-ағартушылық іс-шаралардың маңызды орталығына айналып отыр.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close