Без рубрики
ӘНШІ АША МАТАЙ ДЕПУТАТТЫҚҚА ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ
Қазақстан Халық партиясы кезектен тыс съезінде Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттардың партиялық тізімін бекітті. Тізімге барлығы 72 үміткер енгізілді.

Кандидаттардың қатарында депутаттық тәжірибесі бар 15 адам бар. Олардың ішінде VIII сайланған Мәжіліс депутаттары Асылбек Нұралин, Кенжегүл Сейтжан, Ислам Сұңқар және Ирина Смирнова, сондай-ақ бұрын Сенат депутаты болған Ләззат Сүлеймен де бар.
Партия атынан сайлауға қатысатын танымал тұлғалардың қатарында халық әртісі Тамара Асар, тележүргізуші әрі әнші Ақбота Асқарбекова (Аша Матай), актриса Венера Нығматулина, сондай-ақ бірнеше журналист пен қоғам қайраткері ұсынылды.
Айта кетейік, Қазақстан Халық партиясының бұрынғы белсенді өкілдерінің бірі Магеррам Магеррамов бұл жолғы кандидаттар тізіміне енген жоқ.



