Без рубрики
АСТАНАДА ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА АРНАЛҒАН САРАПШЫЛАР АЛАҢЫ ӨТІП ЖАТЫР
Елордада «Құрылтайға сайлау: конституциялық негіздер және саяси трансформация» тақырыбында сарапшылар алаңы өз жұмысын бастады.

Алғашқы сессия барысында қатысушылар Құрылтай сайлауының конституциялық-құқықтық негіздерін жан-жақты талқылап, сайлау үдерісінің құқықтық тетіктері мен саяси маңызын саралады.
Іс-шараға сарапшылар, жетекші талдау орталықтарының басшылары және қоғам қайраткерлері қатысып, елдегі саяси жаңғыру мен Құрылтай сайлауының ерекшеліктері жөнінде пікір алмасты.



