Без рубрики

ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕР АУКЦИОНҒА ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстанда жеті қызметтік ит электрондық сауда порталы арқылы аукционға шығарылды. Олардың арасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне тиесілі болған иттер де бар.

Аукционға қойылған иттердің арасында 10 жастағы Матео есімді неміс овчаркасы бар. Оның бастапқы бағасы небәрі 935 теңге болып белгіленген. Ал Жамбыл облысындағы тағы алты қызметтік иттің бастапқы бағасы 11 552 теңгені құрайды.

Аукцион 18 тамызда өтеді.

«Қазспецэкспорт» мәліметінше, иттердің жасы 9-10 жасқа жеткен. Осыған байланысты оларды қызметтік міндеттерін әрі қарай атқаруға жарамсыз деп таныған.

Қызметтік иттер мемлекеттік мүлік санатына жататындықтан, оларды бұрынғы кинологтарға немесе басқа азаматтарға тегін беру мүмкін емес. Сондықтан жануарлар аукцион арқылы жаңа иелеріне беріледі.

Мұндағы басты мақсат – қызметтен шығарылған иттердің қалған өмірін тиісті күтім мен жақсы жағдайда өткізуіне мүмкіндік жасау. Әдетте мұндай иттерді бұрын бірге жұмыс істеген кинологтар, ветеринарлар немесе иттерді күтіп-бағуға тәжірибесі бар азаматтар сатып алады.

Саудаға шығарылған иттердің бастапқы бағасының төмен болуы да назар аудартады. Алайда аукцион барысында олардың соңғы сату бағасы қатысушылардың ұсыныстарына қарай өзгеруі мүмкін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close