Без рубрики

ЕЛЕНА РЫБАКИНА ЕҢ КӨП ТАБЫС ТАБАТЫН ТЕННИСШІЛЕРДІҢ ТОП-10 РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын теннисшілер рейтингінде 10-орынға жайғасты.

Бір жыл ішінде спортшының жалпы табысы 16,3 миллион долларды құраған. Оның 11,3 миллион доллары турнирлердегі жүлде қорынан түссе, қалған 5 миллион доллар жарнамалық және демеушілік келісімдерден түскен.

Рейтингтің көш басында Карлос Алькарас тұр. Оның бір жылдағы табысы 62,9 миллион долларды құраған. Екінші орынға Янник Синнер (59 миллион доллар), ал үшінші орынға Коко Гауфф (40,3 миллион доллар) жайғасқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close