Без рубрики
АСТАНАДА ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ ҚАТЫСҚАН ЖОЛ ОҚИҒАСЫ ТЕРГЕЛІП ЖАТЫР
Астанада полиция қызметкерлері Toyota Land Cruiser көлігін басқарған жүргізушіні ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол екі бірдей жол-көлік оқиғасына қатысып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Әлеуметтік желілерде ұсталған жүргізушінің Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов екені айтылуда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған дерек бойынша тиісті тексеру жүргізілуде.



