ҚАЗАҚСТАНДА ТАҒЫ ҮШ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанда республикалық маңызы бар тағы үш автожол учаскесінде ақылы жүйе енгізіледі.

10 шілдеден бастап:
- Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал (645,6 км);
- Бұрылбайтал – Құрты (80 км) бағыттары ақылы болады.
Ал 11 шілдеден бастап:
- Талдықорған – Өскемен (773 км) автожолында жол ақысы алынады.
Жол ақысы автоматты түрде есептеледі. Көліктің мемлекеттік нөмірі арнайы бақылау аркалары арқылы тіркеліп, төлем жүйесі жүргізушіні анықтайды.
Жаңа ақылы учаскелерде жылдамдық режимі де белгіленген. Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал және Бұрылбайтал – Құрты бағыттарында рұқсат етілген жылдамдық 140 км/сағ болса, Талдықорған – Өскемен жолында бұл көрсеткіш жол санатына қарай 100–110 км/сағ аралығында болады.
Ақылы учаскелерге жақын елді мекендерде тіркелген жүргізушілер үшін айлық немесе жылдық абонент рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.
Абонентті kaztoll.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы, 1403 байланыс орталығы, сондай-ақ ақы алу пункттері мен клиенттерге қызмет көрсету орталықтары арқылы рәсімдеуге болады.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге сапар алдында ақылы жол учаскелерімен танысып, көліктің мемлекеттік нөмірінің дұрыстығын тексеруге және қажет болған жағдайда абонентті алдын ала рәсімдеуге кеңес береді.



