Без рубрики

ҚЫТАЙДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН 39 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жойқын су тасқыны салдарынан 39 адам қаза тауып, тағы 9 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апатқа толассыз жауған нөсер жаңбыр мен су қоймасының бұзылуы себеп болған. Қазіргі уақытта құтқару қызметтері жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Табиғи апаттан кейін 64,5 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды. Зардап шеккен өңірлерде электр желілерін қалпына келтіру, жолдар мен өзге де инфрақұрылым нысандарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері өңірде тағы да нөсер жаңбыр жауып, жағдайдың күрделене түсу қаупі сақталып отыр.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close