Без рубрики
МАҢҒЫСТАУДА МАС КҮЙІНДЕ ҚАЙТА КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН АЗАМАТ СОТТАЛДЫ
Маңғыстау облысында алкогольдік масаң күйде қайтадан көлік тізгіндеген жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Аталған азамат бұған дейін де мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын. Алайда соған қарамастан, ол қайтадан мас күйінде рөлге отырған.
Іс сотта қаралып, жүргізуші ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сотталушыға өмір бойына көлік басқаруға тыйым салынды.
Сот үкімі жарияланғаннан кейін азамат бірден сот залында қамауға алынды.
Мамандар мұндай құқықбұзушылықтардың жол-көлік оқиғаларының артуына себеп болатынын айтып, жүргізушілерді жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.



