Без рубрики

ФРАНЦИЯДА ТУРИСТІК ҰШАҚ АПАТҚА ҰШЫРАП, 11 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Францияның Нанси қаласына жақын орналасқан Томблен елді мекені маңында жеңіл туристік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 11 адамның барлығы көз жұмды. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақ ішінде бір ұшқыш, бес парашютпен секіру нұсқаушысы және алғашқы тандемдік секіруге дайындалып жүрген бес жолаушы болған.

L’Est Républicain басылымының жазуынша, қаза тапқандардың бесеуі медицина саласының қызметкерлері болған.

Қайғылы оқиға жексенбі күні түстен кейін болған. Әзірге ұшақ апатының нақты себебі анықталған жоқ.

Оқиға орнына құтқару қызметтері, медицина мамандары мен бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close