Без рубрики

АВТОКОРТЕЖ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ТҮЛЕКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Алматыда мектеп бітіру кешінен кейін ұйымдастырылған автокортежге қатысушылар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, оқиғаға қатысы бар барлық азаматтың жеке басын анықтады.

Нәтижесінде төрт жүргізуші мен бір жолаушыға әкімшілік жаза қолданылды.

Полиция мәліметінше, үш жүргізуші қауіпті маневр жасап, жолаушыларды көлік салонынан тыс жерде тасымалдап, жолда апаттық жағдай туғызғаны үшін жауапқа тартылған.

Тағы бір жүргізуші көлік сыртында жолаушы тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көліктің сыртында отырған жолаушының өзіне де жаза қолданылған.

Құқық қорғау органдары жол қозғалысы ережелерін сақтау барлық қатысушының қауіпсіздігі үшін маңызды екенін еске салды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close