Без рубрики
ПАВЛОДАРДА ЖАЛҒАН ЖҮКТІЛІК АНЫҚТАМАСЫМЕН ӘКІМШІЛІК ҚАМАУДАН ҚҰТЫЛҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІ ҚАЙТА ҚАРАЛДЫ
Павлодар облысының Ақсу қаласында мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себеп болған әйел жалған жүктілік туралы анықтаманың көмегімен әкімшілік қамаудан құтылғаны белгілі болды.

Прокуратураның мәліметінше, жүргізуші куәлігі жоқ әйел алкогольдік масаң күйде көлік тізгініне отырып, жол апатына себепкер болған. Әкімшілік іс сотта қаралған кезде оның тарапынан жүктілік туралы медициналық анықтама ұсынылған.
Осы құжаттың негізінде сот әйелге қолданылуы тиіс әкімшілік қамау жазасын айыппұлмен алмастырған.
Алайда прокурорлар жүргізген тексеру барысында ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды. Заң бұзушылыққа құқықтық баға беру және кінәлі тұлғалардың жауапкершілігін айқындау бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Қадағалау органы мұндай заңсыз әрекеттердің жауапкершіліктен жалтаруға негіз бола алмайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта іс бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процестік жұмыстар жүргізілуде.



