Без рубрики
20 ЖАСАР ҚЫЗ ЖІГІТІМЕН ЖАНЖАЛДАСЫП, БИІКТЕН ҚҰЛАҒАН
Алматыда 20 жастағы бойжеткен тұрғын үй кешенінен биіктен құлап, ауыр жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 11 шілдеге қараған түні болған. Қыз құлаған сәтте алдымен тұрғын үй кешенінің бірінші қабатындағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге құлаған.
Зардап шеккен бойжеткен жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Полицияның хабарлауынша, оқиға алдында қыз бен оның жігіті арасында жанжал болған. Алайда құқық қорғау органдары әзірге қандай да бір қорытынды жасамаған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



