Без рубрики
ТОҚАЕВ ШОЛПАН-АТАҒА БАРДЫ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды.

Мемлекет басшысын әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
Бейресми консультативтік кездесу барысында аймақтық ынтымақтастықты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік-логистика, энергетика, инвестиция және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
Бұл форматтағы басқосу Орталық Азия елдері мен Әзербайжан арасындағы өзара ықпалдастықты арттыруға және ортақ бастамаларды іске асыруға бағытталған.



