Без рубрики

ҚАЗАҚСТАНДА АВТОНЕСИЕГЕ СҰРАНЫС КҮРТ ТӨМЕНДЕДІ

Қазақстанда автонесиеге сұраныс айтарлықтай төмендеді. Сарапшылардың мәліметінше, автонесие беру көлемі шамамен 37 % -ға қысқарған.

Мамандар мұны банктердің несие рәсімдеуге қойылатын талаптарды күшейтуімен байланыстырады. Биылғы 1 шілдеден бастап несие беру тәртібіне өзгерістер енгізіліп, қаржы ұйымдары қарыз алушының төлем қабілетін бұрынғыдан да мұқият тексере бастады.

Енді банк өтініш иесінің тұрақты табыс көзінің бар-жоғына, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың жүйелі түрде жүргізілуіне ерекше назар аударады. Бұл мәліметтердің барлығы мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі.

Жаңа талаптардың негізгі мақсаты – азаматтардың шамадан тыс қарызға батуының алдын алу және несие алушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Осылайша, банктер қарыз жүктемесі жоғары азаматтарға несие беру тәуекелін азайтуды көздеп отыр.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close