Без рубрики

BTS 2027 ЖЫЛҒЫ «ГРЭММИГЕ» ҚАТЫСПАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ

Оңтүстік Кореяның әлемге әйгілі K-pop тобы BTS 2027 жылғы «Грэмми» сыйлығына қатыспайтынын ресми түрде жариялады.

Топтың жеті мүшесі әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында бірдей мәлімдеме жариялап, музыканы аймаққа немесе тілге бөліп бағалауға болмайтынын жеткізді.

«Музыканы аймақ немесе тіл бойынша емес, сол қалпында тыңдап, бағалау керек», – делінген олардың үндеуінде.

Бұл шешім АҚШ-тың Дыбыс жазу академиясы 69-шы «Грэмми» марапатында «Үздік азиялық поп-орындау» (Best Asian Pop Performance) атты жаңа номинация енгізгеннен кейін қабылданды.

Жаңа санат Азия елдерінде шығарылған немесе кеңінен танымал болған заманауи поп әндерін марапаттауға арналған. Алайда бұл бастама жанкүйерлер мен музыка индустриясы өкілдерінің сынына ұшырап, кейбірі оны өнерпаздарды өңірлік белгі бойынша бөлудің көрінісі деп бағалауда.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close