Без рубрики
ТОҚАЕВ ШАВКАТ РАХМОНОВҚА КӨҢІЛ АЙТТЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы жеделхатында марқұмның елге сыйлы, мағыналы ғұмыр кешкен азамат болғанын атап өтті.
«Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!» – делінген жеделхатта.
Президент Шавкат Рахмонов пен оның отбасы мүшелеріне қайғырып көңіл айтты.
Бақтыбай Алпамысовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат бұған дейін белгілі болған еді. Марқұмды жерлеу рәсіміне жақындары мен елге белгілі азаматтар қатысты.



