Без рубрики
ШЕРХАН АЙМАХАН СОТТА СОҢҒЫ СӨЗІН АЙТЫП НҰРАЙДЫҢ АТА-АНАСЫНАН КЕШІРІМ СҰРАДЫ
Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймахан соңғы сөзін сөйледі.

Сотта сөз алған Шерхан Аймахан Нұрай Серікбайды қатты жақсы көргенін айтып, болған оқиғаға шынайы өкінетінін жеткізді.
Ол Нұрайдың ата-анасына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін білдірді. Сонымен қатар марқұмның ата-анасы мен ағаларынан шын жүректен кешірім сұрады.
Айыпталушы болған жағдайға өкініш білдіріп, бұл оқиға үшін өмір бойы өкінетінін айтты.
Іс бойынша бұған дейін сот жарыссөзі басталып, прокурор Мадияр Әбілқасымов Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Енді сот тараптардың уәждері мен іс материалдарын саралап, шешім шығарады.



