Без рубрики

TELEGRAM-ДАҒЫ АУҚЫМДЫ АҚАУДЫҢ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛЫП ЖАТЫР

Қазақстанда Telegram мессенджерін пайдаланушылар оның жұмысына қатысты ауқымды ақауға тап болды. Бірқатар қолданушы хабарламалардың жіберілмеуі, қабылданбауы және сервистің дұрыс жұмыс істемеуі сияқты мәселелерге шағымданған.

Оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ түсініктеме берді. Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта техникалық мамандар мессенджердегі ақаудың нақты себептерін анықтап жатыр.

Ал «Қазақтелеком» жүргізген мониторинг барысында Telegram бағытындағы интернет-трафиктің күрт төмендегені байқалған. Атап айтқанда, мұндай өзгеріс Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі халықаралық пиринг нүктелерінде тіркелген.

Сонымен қатар оператор өз инфрақұрылымында қандай да бір ақау анықталмағанын хабарлады. Компанияның мәліметінше, оның жауапкершілік аймағында апат, техникалық ақау немесе желі жұмысына қатысты ішкі бұзушылықтар тіркелмеген. «Қазақтелеком» желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Оператор Telegram жұмысындағы ақаудың нақты себебін анықтау үшін мессенджердің әкімшілік-техникалық тобына ресми сауал жолдаған.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстандағы Telegram жұмысының бұзылуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Техникалық мамандардың тексеруі жалғасып жатыр. Ақаудың себебі анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілмек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close