ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУ 53,12 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 696 002 азамат бюллетень алған.

Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 53,12 пайызына тең.
Өңірлер арасында дауыс беруге қатысу белсенділігі бойынша ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 64,22 пайызы дауыс берген.
Одан кейін Абай облысы – 63,07 пайыз, Жетісу облысы – 62,89 пайыз, Қарағанды облысы – 62,79 пайыз, Ақмола облысы – 61,15 пайыз, Шығыс Қазақстан облысы – 61,10 пайыз және Ақтөбе облысы – 60,87 пайыз көрсеткішпен тұр.
Солтүстік Қазақстан облысында сайлаушылардың 58,63 пайызы, Түркістан облысында – 57,72 пайыз, Қостанай облысында – 55,86 пайыз, Шымкент қаласында – 55,32 пайыз, Алматы облысында – 54,57 пайыз, Атырау облысында – 54,49 пайыз дауыс берді.
Павлодар облысында қатысу көрсеткіші 54,01 пайыз, Ұлытау облысында – 53,31 пайыз, Маңғыстау облысында – 50,65 пайыз, Жамбыл облысында – 50,58 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 50,21 пайыз болды.
Астана қаласында сайлаушылардың 40,92 пайызы дауыс берсе, Алматы қаласында бұл көрсеткіш 30,36 пайызды құрады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, азаматтардың уақытша болу орындарында орналасқан 305 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталған.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16:00-де жарияланады.



