ТОҚАЕВ ҚАЙТА САЙЛАНУҒА ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ ҚҰҚЫҒЫ БАРЫН АЙТТЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта қайта сайлауға түсу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Конституциялық соттың шешіміне сәйкес заң жүзінде қайта сайлануға құқығы бар екенін айтты.
«Конституциялық сот осындай шешім қабылдады. Әлбетте, заң жүзінде менің қайта сайлануға құқығым бар. Бірақ алдағы уақытта сайлау өткізуге және оған қатысатыным немесе қатыспайтыным туралы сөз қозғауға әлі ерте», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бұл мәселе бойынша нақты шешімін қазір жариялауға асықпайтынын жеткізді. Оның айтуынша, сайлауға қатысу-қатыспау жөнінде нақты жауапты кейінірек беруге болады.
«Алдағы уақытта тағы жолығармыз. Бәлкім, келесі жылы… Сол кезде сізге нақты жауап беремін», – деді Мемлекет басшысы.
Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев қайта сайлану мүмкіндігі заң жүзінде бар екенін растағанымен, келесі президенттік сайлауға қатысуы туралы нақты шешім қабылдамағанын мәлімдеді.



