Без рубрики

АТЫРАУҒА ШҰҒЫЛ ҚОНҒАН «АЭРОФЛОТ» ҰШАҒЫНДАҒЫ ЖОЛАУШЫ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Атырау халықаралық әуежайына мәжбүрлі түрде қонған «Аэрофлот» ұшағындағы жолаушы қайтыс болды. Оқиғаға байланысты көліктегі полиция тексеру жұмыстарын бастады.

Flightradar мәліметінше, ұшақ Анталья – Екатеринбург бағыты бойынша ұшып шыққан. 25 тамыз күні кешке әуе кемесі Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлаған. Осыған байланысты ұшақты Атырауға қондыру туралы шешім қабылданған. Кейін жолаушының қайтыс болғаны белгілі болды.

Бұл факт Атырау станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінде тіркелген.

Көліктегі полиция департаменті ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бастапқы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«25 тамызда аталған факт Атырау станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бастапқы тексеру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі», – деп хабарлады полиция.

Құзырлы орган әзірге оқиғаның өзге де мән-жайларын жарияламады. Тексеру нәтижесінде жолаушының қайтыс болуына қатысты қосымша ақпарат белгілі болуы мүмкін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close