Без рубрики
ҒИМАРАТТАРҒА ГРАФФИТИ САЛҒАНДАР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН
Қазақстанда есірткіні насихаттайтын граффитиге қарсы күрес күшейтілмек. Еріктілермен бірлескен жұмыстар барысында еліміз бойынша есірткі жарнамасына қатысты 80 мыңға жуық сурет пен жазу өшірілген.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Оның айтуынша, есірткіні насихаттау және жарнамалау фактілері бойынша 81 қылмыстық іс қозғалып, 19 адам сотталған.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға түрлі жазулар мен суреттер салуға тыйым енгізіп, бұл талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеуді ұсынып отыр.
Премьер-министр Олжас Бектенов қоғамдық орындарға зиян келтіретін граффитидің барлық түріне тыйым салу мақсатында заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.



