Без рубрики

КАСПИЙДЕ ЕКІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРДІ ІЗДЕУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Каспий теңізінде із-түзсіз кеткен екі әскери қызметкерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір оқиға орнында Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов жүр. Министр іздеу операциясының барысын бақылауда ұстап отыр.

Оқиғаға байланысты жедел штаб құрылып, оның құрамына Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Маңғыстау облысының өкілдері кірді.

Іздеу-құтқару жұмыстарына 252 әскери қызметкер мен маман, 34 арнайы техника, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер және 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылған. Олардың қатарында төрт тікұшақ бар.

Мамандар Каспий теңізінің акваториясы мен жағалау аумағын әуеден және теңізден үздіксіз тексеріп жатыр. Іздеу жұмыстары барлық қажетті күш пен құралдарды тарта отырып жалғасуда.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және психологиялық көмек көрсетілетіні хабарланды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close