Без рубрики

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ФРАНКФУРТ КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

7–11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында әлемдегі ірі кітап көрмелерінің бірі — Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстан ұлттық стенд арқылы отандық әдебиеттің таңдаулы туындыларын шетелдік оқырманға таныстырды.

Ұлттық стендте 15-тен астам қазақстандық баспаның 300-ге жуық кітабы қойылды. Халықаралық шараға елімізден 30-дан астам баспагер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.

Жәрмеңке аясында бірқатар отандық туындының таныстырылымы өтті. Олардың қатарында Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Оразалы Сәбденнің «Әлем, Абай, жасанды интеллект жолы» кітаптары, «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка», «BÖRTE. Ұлы Дала патшайымы», «Ахмет Кенесарин. Сұлтан Сыдықтың шежіресі», «Уәли хан дәуірі және Абылай ханның ұрпақтары» еңбектері бар.

Сондай-ақ көркем аударма мәселелері талқыланып, қазақстандық әдебиетті шетел тілдеріне аудару және халықаралық оқырманға кеңінен таныстыру жайы сөз болды. Ал Contemporary Voices of Kazakhstan әдеби кездесуінде шетелдік оқырмандар қазіргі Қазақстан әдебиетінің жаңа есімдерімен танысты.

Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулының міндетін атқарушы Мұрат Тәукебаев ұлттық стендті аралап, қазақстандық делегация мүшелерімен кездесті.

Жәрмеңке барысында отандық баспагерлер шетелдік әріптестерімен келіссөздер жүргізіп, қазақстандық әдебиетті халықаралық деңгейде насихаттау, кәсіби тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close