Без рубрики

АЛМАТЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАСТАР АСТАНАСЫ МӘРТЕБЕСІН ХИУАҒА ТАБЫСТАДЫ

Өзбекстанның Хиуа қаласында «Хиуа – Түркі әлемінің жастар астанасы – 2026» жобасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері, сарапшылар, кәсіпкерлер және белсенді жастар қатысты.

Жоба түркі елдерінің жастары арасындағы байланысты нығайтуға, кәсіпкерлікті дамытуға, инновациялық бастамаларды қолдауға және экологиялық білімді арттыруға бағытталған. Сонымен қатар тұрақты даму қағидаттарын насихаттап, жастардың ортақ жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жоба аясында Жас көшбасшылар форумы мен Жас кәсіпкерлер форумын өткізу жоспарланған. Бұл алаңдарда жастар халықаралық сарапшылар мен инвесторларға өздерінің стартаптары мен бизнес идеяларын ұсынып, жастар саясатының өзекті мәселелерін және экологиялық бастамаларды дамыту жолдарын талқылайды. Сондай-ақ тәжірибе алмасу, жастардың тың жобаларына қолдау көрсету және түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралады.

2025 жылы Алматы қаласы Түркі әлемінің жастар астанасы атанған еді. Осы мәртебе аясында қалада III Жастар алмасу бағдарламасы, жас көшбасшылар мен кәсіпкерлердің кездесуі, Turki Fest Almaty-2025 мәдени фестивалі және Жайдарман TURKI CUP-2025 халықаралық фестивалі сияқты бірқатар халықаралық іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған бастамалар түркі елдерінің жастарына кәсіби және шығармашылық байланыс орнатуға, жаңа идеялармен бөлісуге және бірлескен жобаларды дамытуға жол ашты.

Биыл Түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі Өзбекстанның Хиуа қаласына табысталды. Енді қалада жастардың өзара ынтымақтастығын нығайтуға, көшбасшылық әлеуетін дамытуға және ортақ бастамаларды қолдауға бағытталған жұмыстар жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close