Саясат

ӨЗАРА КЕЛІСІМ-ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен және жұмыскерлерімен өткізген кездесуі мен жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аталған мемлекеттік мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
Жаңадан ашылған кәсіподақ ұйымында еңбек жағдайын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік және зейнеткерлік қамсыздандыру, еңбек демалысына шығу, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығын айқындау, салауаттылықты, қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру, денсаулық сақтауды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, ұжым мүшелеріне әлеуметтік игіліктер жасау, ұйым жұмысының тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету, басқа да құқықтық нормативтік актілерінің сақталуына қол жеткізу мақсатында мемлекеттік мекемеде әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – ұжымдық шарт қабылданды.
Оған жұмыс беруші тарапынан Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мамытұлы Мыңбаев және жұмыскерлердің атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Марат Әбдімажитұлы Тәжібаев қол қойып, оны Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тіркеуге жолдаған.
Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымын филиал құрамына қабылдау және еңбек қатынастары бойынша көмек көрсету мен жұмыскердің құқын қорғау жұмыстарын бірлесе жүргізу бойынша кәсіподақ комитетінің төрағасы Марат Әбдімажитұлы Тәжібаев және «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов өзара келісім-шартқа қол қойды.
Аудан әкімі Р.Мыңбаев және Кәсіподақ филиалының төрағасы С.Әуесханов ұжым мүшелерінің қатысуымен ресми құжаттарға салтанатты қол қою рәсімін өткізіп, аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін «30 тамыз – Қазақстан Респуюликасының Конституциясы күні» мерекесімен құттықтап, кәсіподақ қозғалысының жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close