Без рубрики
АЛМАТЫДАҒЫ BRT ЖОЛАҒЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ ЖАС ЖІГІТТІ ҚАҒЫП КЕТТІ
Алматыда 1 шілде күні кешке Райымбек даңғылындағы BRT жолағында жантүршігерлік жол апаты болды.

Жедел жәрдем көлігі электрлі велосипедпен соқтығысып, салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат Райымбек даңғылы бойында болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Қайғылы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Апаттың нақты себебі мен кімнің кінәлі екені тергеу нәтижесінде белгілі болады.



