Без рубрики

ЕНДІ ТАКСИДЕ АУЗЫҢЫЗДАН ШЫҚҚАН ӘР СӨЗГЕ ЖАУАП БЕРЕСІЗ

Бұдан былай таксиге отырған жолаушылар мен жүргізушілер аузынан шыққан әр сөзіне жауап беруі мүмкін. Себебі inDrive сервисі қауіпсіздікті күшейту мақсатында жаңа аудио жазба функциясын іске қосты.

Бұл мүмкіндік жолаушы мен жүргізуші арасында туындайтын даулы жағдайларды әділ шешуге көмектеседі дейді компания. “Есікті қатты жапты”, “балағаттады”, “жол ақысын төлемеді” секілді шағымдар бойынша нақты дәлел ретінде аталған функциядағы аудиожазба пайдаланылуы мүмкін.

Жаңа функция әсіресе жүргізушілер үшін қорғаныс құралына айналмақ. Бұған дейін түрлі дау кезінде кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін дәлелдеу қиын болса, енді жағдайды аудиожазба арқылы анықтауға мүмкіндік туады.

Компания өкілдері бұл қызметтің басты мақсаты — сапар қауіпсіздігін арттыру және жолаушы мен жүргізуші арасындағы сенімді күшейту екенін айтады. Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі де жаңа функцияны қолдап, оны тәртіп пен мәдениетті арттыратын шешім деп бағалап жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close