Саясат
«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КЕЛІСІМШАРТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Шымкент қаласында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Тұран шағынауданындағы кредиттік тұрғын үйлердің 3-ші кезеңдік конкурсына қатысқан азаматтармен сатып алу туралы келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары басталды.
Бұл кезеңде 336 азамат несиелік бағыттағы пәтерді сатып алу туралы келісімшартына қол жеткізеді. Бұған дейін аталған бағыттағы 1 және 2-кезеңдегі конкурсына қатысқан азаматтармен сатып алу туралы келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Азаматтар сатып алу келісімшартын рәсімдегеннен кейін осы жылға әлеуметтік көмек ретінде берілетін тұрғын үй сертификатын алу талаптарына сай келген жағдайда, ипотекалық қарыз шартын беруді мақұлдау туралы банктің хабарлама хатын ұсынып, өтінім беру мүмкіндігі бар.