Білім

Тәуелсіздік сабағына 3000-нан аса оқушы қосылды

Бүгін еліміз бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздық пен даму жолдары» тақырыбында Тәуелсіздік сабақтары өтті. Ашық сабақтың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың мемлекетіміздің дамуына тікелей қатысып, өз үлесін қосуға тәрбиелеу және Тәуелсіз Қазақстанның даму аспектілерін талдау.

Білім саласында алғаш рет қашықтан өткізілген мұндай ауқымды екікүндік шараны Тарих ӘБ мұғалімдері ұйымдастыруда.

Оңтүстік өңірдің Шымкент қаласы мен Созақ, Келес, Сарыағаш, Арыс және Мақтаарал аудандарынан жетекші 60 мектебі, яғни 3000-нан аса оқушының қатысуымен өткен бүгінгі сабақты тарих пәнінің мұғалім-сарапшысы Данияр Байтуреев жүргізді.

– 30 жылда Қазақстан сыртқы саясатта көпвекторлы бағытты ұстанып, өзіндік «Қазақстандық модель» қалыптастырды. Еліміздің келешегі алдында үлкен жауапкершілікті сезініп, болашақ ұрпаққа аманатпен үндеу жолдадық. Оқушы шәкірттеріміз жалынды демократ та саяси партократ емес, іс-әрекетке дайын «технократ» болуға сөз берді, – деп бөлісті Данияр Шәріпбекұлы.

Сабақ барысында еліміздің 30 жыл ішіндегі белестері мен жетістіктері, алдағы 30 жылға арналған даму жолдары талқыланды. 12 «В» сыныбының оқушысы Рамазан Нәлібектің сөзінше, сабақ мазмұнды әрі қызықты өткен:

– Сабақ аясында 1991 жылдан бастап еліміздің жеткен жетістіктерің атап, басқа мемлекеттердің мысалында талдау жұмыстарын жүргіздік.

Сонымен қатар, іс-шара қонағы, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов сабаққа оң бағасын беріп, оқушылардың патриоттық сезімінің жоғары болуының аса маңыздылығын атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close