«Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы бойынша атқарылған жұмыстар барысы
ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес 2021 жылғы 1-қыркүйектен бастап 1-желтоқсан аралығында Шымкент қаласында «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде.
Учаскелік полиция инспекторлары іс шара басталғалы бері барлығы 14 083 пәтер мен үй тұрғындарына тіркеу жүргізді. Қала аумағында 445 жалға берілетін пәтер тексерілді.
Қаңғыбастық пен қайыршылық жасап жүргені үшін 32 адам ұсталып, қабылдап-тарату орнына орналастырылған. Түнгі мезгілде жүрген 45 жасөспірім анықталған. Бұдан бөлек, есепте тұрған 1157 қару иесі тексерілген.
Іс шара барысында 2990 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қаладағы 4 ауданның Полиция басқармасы мен учаскелік полиция пункттеріне барлығы — 449 тұлға жеткізіліп, қол саусақ іздері алынған.
Еске сала кетейік, іс шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.
Жалпы қала аумағында рейдтік жұмыстар ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.