Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

🇰🇿 1995 жыл, 20 қаңтар:
Мәскеуде ҚР Президенті Н.Назарбаев пен РФ Президенті Б.Н.Ельциннің арасында келіссөздер өтті.

🇰🇿 1995 жыл, 27-31 қаңтар:
Президент Н.Назарбаев Дауостағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты.

🇰🇿 1995 жыл, 8 ақпан:
Қытай, ядролық клубтың мүшесі бола отыра, Қазақстанға қауіпсіздік кепілін берді.

🇰🇿 1995 жылы 10 ақпан:
Алматыда Орталық Азияда біртұтас экономикалық кеңістік кұру туралы қол жеткен уағдаластық шеңберінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Президенттері кездесті.

🇰🇿 1995 жыл, 1 наурыз:
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

🇰🇿 1995 жыл, 3 наурыз:
ҚР Президенті Н.Назарбаев Арал теңізін сақтау мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Түркіменстанға сапар шекті.

🇰🇿 1995 жыл, 10 сәуір:
Қазақстанға ресми сапармен ГФР Президенті Р. Херцог келді. Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Роман Херцог Қазақстан мен Германияның арасындағы байланыстың маңызды мәселелері жайында әңгімелесті.

🇰🇿 1995 жыл, 14 сәуір:
Шымкентте Орталық Азиядағы үш мемлекет — Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан басшыларының жұмыс барысындағы кездесуі болды.

🇰🇿 1995 жыл, 29 сәуір:
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың құзырет мерзімін ұзарту бойынша республикалық референдум өтті.

🇰🇿 1995 жыл, 15-18 мамыр:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Корея Республикасына сапары болды. Сапар барысында Корея Республикасының Президенті Ким Ен Саммен және елдің іскерлік өкілдерімен кездесті.

🇰🇿 1995 жыл, 6 маусым:
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парижге сапармен барды. Онда ол Франция Президенті Жак Ширакпен кездесті. Мемлекет басшылары кейбір салалардағы екіжақты ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту жайттарын талқылады.

🇰🇿 1995 жыл, 12 маусым:
ҚР Президенті Н. Назарбаев Алматыда Түркия Республикасының Президенті С.Демирелді қабылдады. Маусымның 14 күні Нұрсұлтан Назарбаев пен Сүлеймен Демирел Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін калпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұдан кейін олар Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

🇰🇿 1995 жыл, 22-26 маусым:
ҚР Президенті Н. Назарбаев Индонезияға ресми сапармен барды. Онда Индонезия Президенті Сухартомен келіссөз өткізді.

🇰🇿 1995 жыл, 3 шілде:
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.

🇰🇿 1995 жыл, 9 тамыз:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ф. Майорды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы әңгіме қозғалды.

🇰🇿 1995 жыл, 9 тамыз:
Алматыдағы Республика сарайында Абайдың 150 жылдығына орай салтанатты мәжіліс өтті.

🇰🇿 1995 жыл, 18 тамыз:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы елшілігін ашу туралы жарлыққа қол қойды.

🇰🇿 1995 жыл, 30 тамыз:
Республикалық референдум арқылы елдің Негізгі Заңы — Конституциясы қабылданды. Референдум арқылы дауыс беруге 8 миллионнан астам азамат қатысып, жаңа Конституцияны жақтап 7 млн. 210 мың адам (89,1 пайыз) дауыс берді. Конституцияның жаңа жобасын талқылауға 3 миллион 345 мыңнан астам қазақстандық қатысып, 31 886 ұсыныстар мен ескертулер жасады, соның нәтижесінде жобаның, 98 бабының 55-іне 1100 түзетулер мен қосымшалар енгізілді, сол сияқты Конституцияға жаңа тарау мен бірқатар жаңа баптар қосылды. Жалпы алғанда Конституция мәтінінің 18 нұсқасы дайындалған.

🇰🇿 1995 жыл, 11-13 қыркүйек:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытайға ресми сапар шекті. Сапар барысында ҚХР Төрағасы Цзянь Цзэминьмен және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Пэнмен кездесті.

🇰🇿 1995 жыл, 20 қазан:
ҚР Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа сапармен барды.

🇰🇿 1995 жыл, 22 қазан:
ҚР Президенті Н.Назарбаев Португалияда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 50-сессиясында баяндама жасады. Онда Президент әлемдік қауымдастыққа жалпы ауқымдық және қауіпсіздік жүйелерінің өзара ықпалдастығын арттыруға байланысты нақты ұсыныстарын жасады.

🇰🇿 1995 жыл, 28 қазан:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Палестинаға ресми сапары болды. Н.Ә.Назарбаевтың Палестина басшысы Я.Арафатпен кездесуі барысында екіжақты қатынас мәселелері мен аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер талқыланды.

🇰🇿 1995 жыл, 14 қараша:
Мәскеуде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев РФ Президенті Б.Ельцинмен кездесті. Кездесу барысында мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынас және ТМД-дағы интеграциялық процестер мәселелерін талқылады.

🇰🇿 1995 жыл, 15 қараша:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Францияға сапармен барды. Онда Мемлекет басшысы Франция Президенті Ж.Ширакпен және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ф.Майормен кездесті.

🇰🇿 1995 жыл, 4 желтоқсан:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Швейцария конфедерациясындағы Елшілігін ашу туралы» және «Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Өкілдігін ашу туралы» жарлықтары шықты.

🇰🇿 1995 жыл, 12 желтоқсан:
Конакриде (Гвинея) өткен ИКҰ мүше елдер сыртқы істер министрлерінің конференциясында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына кірді.

🇰🇿 1995 жыл, 26-28 желтоқсан:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Израиль мен Палестина мемлекеттеріне ресми сапары болды. Президент Израиль Президенті Э.Вейцманмен, Кнессет төрағасы Ш.Вайспен, Премьер-министрі Ш.Переспен, Сыртқы істер министрі Э.Баракпен кездесіп, Қазақстан — Израиль арасындағы өзара қатынастардың негіздері туралы Декларацияға қол қойылды. Бұдан кейін Президент Н.Назарбаев Палестина елінің басшысы, Ясир Арафаттың шақыруы бойынша осы елде болды. Олардың арасындағы келіссөзде екіжақты қатынастар мәселелері, өзара мүдделі болып отырған аймақтық және халықаралық проблемалар қозғалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close