АСЫҚ АТУШЫЛАР ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ «RESPUBLICA» АШЫҚ ТУРНИРІНДЕ БАҚ СЫНАДЫ
Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауылында асық атудан Түркістан облысының ересектер арасында «Respublica» ашық турнирі өтуде.
Ұлттық спорт түріне баланатын біріншілікке облыстың аудан-қалаларынан 12 команда 16 спортшы қатысып, бас жүлдені сарапқа салуда. Дүбірлі жарыста өңірдің әр ауданынан іріктелген кіл мықтыдар қатысып, тартысты ойындар өткізуде. Айтулы сайыста облыстың атын әлемдік ареналарда шығарып жүрген Алмас Қарабаев, Амандос Айтқұлов және дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Мұхаметжан Нұрланұлы сынды таланттар бас жүлдеге үмітті.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде «Respublica» партиясы Түркістан облыстық филиалының өкілі Бейбіт Биназаров пен асық атудан Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Оралхан Айдарханұлы жарысқа қатысушыларды құттықтап, республикалық додада жеңіс тіледі.
Айта кетейік, облыстық чемпионатта бірінші және екінші орын алған спортшылар ел чемпионатына жолдама алдады. Елшілік додада топ жарған спортшыға темір тұлпардың кілті табысталмақ.
Республика күніне орайластырылып өтетін Қазақстан чемпионаты Қазан айының 25-і күні Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.
Асық ату спорты облыста соңғы 10 жылдан бері дамытылып келеді. Осы аралықта өңірден 10 ҚР спорт шебері, 50-ге жуық спорт шеберіне үміткер және екі Халықаралық дәрежедеші спорт шебері дайындалып келеді.
Жерлестеріміздің асығы алшысынан түсіп, жеңімпаз болсын!