ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАР АРАСЫНДА КҮЗГІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде волейболдан 2012-2013 жылы туылған қыздар арасында күзгі Қазақстан чемпионаты басталды.
Ел біріншілігіне республиканың үш мегаполисі Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар 16 облыстан жалпы 19 команда 266 спортшы қатысып, апта бойында өзара мықтыны анықтайды.
Мемлекет басшысы айтқандай бұқаралық спортты дамыту мақсатында елімізде түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Осы орайда жалауы көтерілген ел біріншілігіне барлық командалар тас-түйін дайындалып келген. Чемпионаттың шымылдылған алғаш болып, Маңғыстау облысының арулары мен Ақтөбе облысының «Хромтау» командасы ашып берді. Тартысты ойында Маңғыстау облысының құрамасының бәсі жоғары болып, қарсыластарын 3:1 есебімен тізе бүктірсе, Астана қаласының бұрымдыларымен Қызылорда облысының командасы да бақ сынады. Кездесу нәтижесінде 3:2 есебімен қызылордалықтар жеңіске жетті.
Айтулы жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова, Түркістан қалалық мәслихаттың төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және жарыстың бас төрешісі Даурен Шушбаевтар құттықтау сөз сөйлеп, барлық командаларға сәттілік тіледі.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы тағайындалған медаль, кубок және алғыс хаттар табысталады.
Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік серік болсын!