Қоғам

ТОК СОҚҚАН АДАМҒА ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?

Көбіне сананың бұлыңғырлануынан қимылдық қозу байқалса, кей жағдайда керісінше адам толықтай тоқырауға ұшырайды және бұлшық еттерінің тырысып, жиырылуы себебінен ток өткізіп тұрған заттан өз күшімен ажырауға қауқарсыз болады. Жеңіл жарақат талып қалу, жүйке жүйесінің күйзелісі, бас айналу, жалпы әлсіздік түрінде көрініс беруі мүмкін.

Электр жарақаттарынына тән сипаттарға зардап шегушінің субъективті жағдайының жақсы болуы мен ішкі органдарында, әсіресе вегетативті жүйке жүйесіндегі өзгерістердің бір-біріне сәйкессіздігі жатады. Ішкі органдарда дәл сол сәтте емес, тек бірталай уақыт өткен соң ғана өзгерістер басталады.

Алғашқы медициналық көмек көрсету көп жағдайда зардап шегушіні құтқарудағы басты фактор болып табылады. Ең алдымен токты бірден ажырату керек (айырғыш, сөндіргіш, тығын, сымдарды үзу арқылы). Көмек көрсетуші адам зардап шегушімен байланысқа түскен сәтте қауіпсіздік қағидаларын ұмытпай, бұл желіге өзінің де қосылғанын естен шығармауы тиіс. Сондықтан ол өзін зардап шегушімен тікелей байланысқа түсуінен оқшаулауы тиіс: аяғының астына құрғақ тақтай салу, құрғақ жүн мата, құрғақ таяқ немесе құрғақ жіпті қолдану арқылы ток соққан адамның қолынан электр сымын алып тастау. Электр тогы ұрған адамды киімінің ұшынан ғана ұстап ток дереккөзінен алып шығуға болады.

Қауіпті жерден алып шыққан соң алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары басталады.

Электр тогының соғуынан жеңіл зақым келетін болса (талып қалу, аз уақытқа есін жоғалту, бас айналу, бас ауруы, жүрек тұсының ауыруы) алғашқы медициналық көмек адамды тыныштандырып, аса сақтықпен емдеу мекемесіне жеткізу түрінде көрсетіледі. Зақымданған жерлеріне таңғыш салынып, қажет болған жағдайда аяқ- қолын қозғамай көмек көрсетілетін жерге жеткізіледі.

Ескеретін бір жәйт, зардап шегушінің жалпы жағдайы салыстыр- малы түрде алғанда қанағаттанарлық болғанымен, жарақат алғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде халі күрт және кенеттен нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан электр жарақатын алғандардың барлығы қатаң түрде стационарлық бақылауға алынады.

Зардап шегушіні жатқызған бойда тасымалдау қажет.

Жағдайы жақсы болса да өз аяғымен медициналық мекемеге дейін баруына тыйым салынады.

Егер электр тогының соғуынан аса ауыр жарақаттанатын болса немесе клиникалық өлім белгілері байқалса, бірден реанимациялық шараларға көшу керек. Тыныс алуы білінбегенімен жүректің соғуы жалғасып жатса демек оны аз уақыт бұрын ғана электр тогы соққанын қаперде ұстаған жөн.

Электр күйігіне кәдімгі термиялық күйік кезіндегідей алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.

Суға кету. Су тасқыны, тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар- дың суға кетуі, гидротехникалық нысандардағы түрлі апаттардың салдарынан болған төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық көмекті қажетсінетін зардап шеккендер саны артуы мүмкін.

Суға кетуден болатын өлім түрі үшке жіктеледі және олардың әрқайсысы терминалдық жағдайға жатады.

Өлімнің бір түрі жүректің соғуы мен тыныс алудың тоқтауынан бірден болатын өлім, синкопе (естен тану) жағдайы. Толқу, қорқыныш, жоғарғы тыныс алу жолдарының суық судан тітіркенуі бастапқы синкопе болып табылады. Суға кету жағдайларының 10 – 15 % өлімнің осы түрі кездеседі.

Суға кетудің неғұрлым көп таралған түрі сұйықтықтың міндетті түрде өкпеге кіруінен болатын нақты суға бату деп аталатын түрі. Өлімнің бұл түрінде су астында жалғасатын өмір ұзақтығы синко- пальдық жағдайға қарағанда артық болғанымен, ағзада орын алатын патологиялық өзгерістер неғұрлым ауыр келеді.

Бату кезінде адам дем алуын тоқтатып, бірнеше мәрте су беті- не сүңгіп шығып, жанталаса тыныс алады, осылайша өлу процессін ұзартылады. Су бетіне шыға алмай, батып бара жатқан адам 30 – 90 секундтай тыныс алуын тоқтатады да, қайтадан су астына түсіп, деп алуын жалғастырады, мұндай кезде су өкпесіне кіріп жатады. Жөтелу рефлексінің әсерінен өкпеге кіріп кеткен су ауамен қоса ірі көпіршіктер түрінде тыныс алу жолдарынан шығуын жалғастырады.

Ауа жетіспеушілігі арта түскеннен адамның белсенді қозғалыстары да біртіндеп әлсіреп, есінен танып, ақыры суға батады. Бұл кезде тыныс алу қозғалыстары күшейеді. Дем шығарғанда су бетінде ұсақ көпіршіктер пайда болады.

Алқыну кезеңі деп аталатын бұл кезеңнің соңына таман тыныс алу қозғалыстары ақырындап әлсірейді. Бұдан соң тағы бір мәрте тыныстық тоқтау, яғни терминалдық үзіліс болып, артынша ол агониялық жағдайға ұласады.

Осылайша, суға кетудің нақты түрінде тыныс алу өзгерістерінің төрт кезеңі бірін-бірі кезекпен алмастырады:

  • Рефлекторлық тоқтау;
  • алқыну;
  • терминалдық үзіліс;
  • агония.

Бату процессі кезінде өкпеге сұйықтық неғұрлым көп сорылса, су астында тыныс алу да тереңдейді. Өкпеге кіріп жатқан судың бір бөлігі қанға сіңіріледі. Соның салдарынан қан сұйылады және эри- троциттер бұзылады. Теңіз суына батқанда өкпедегі су қанға жетуінен қаны қоюланады.

Қан плазмасынан өкпедегі сұйықтыққа ағуыздар түседі. Өкпеде қалған ауамен араласып, ұсақ көпіршікті көбік түзіледі. Өкпеге түсетін су аралас көбіктің көпіршікті сұйықтыққа айналуы суға батудың нақты белгісі болып табылады.

Өлімнің үшінші түрінде нақты суға бату болмайды және ол асфиксиялық (тұншығу) деп аталады. Ол жүйке жүйесінің қызметі күрт бұзылуы жағдайында (мас болу) орын алады. Алкогольдік ішімдікке масайған адам суға түскенде белсенді түрде қарсылық таныта алмайды, су бетіне сүңгіп шығып, өзгелерді көмекке шақыра алмай, бірден құрдымға кетеді.

Суға бату кезінде тыныс алуды тоқтату уақыты нақты суға кетуге қарағанда ұзағырақ созылады немесе мүлдем болмайды. Дем шыға- ру үстіртін және терминалдық үзіліске дейін солай жалғаса береді, содан келіп сұйықтықтың тыныс алу жолдары мен өкпеге кіруіне жол берілмейді; бір мезгілде судың көп бөлігі жұтылуы мүмкін.

Осылайша, суға батудан болатын өлімнің үшінші түрі ең алдымен асфиксияға байланысты, ал судың өкпеге кіруі соншалықты маңызды емес.

Температурасы +5 °С төмен суға түсудің салдарынан болатын тағы бір бату түрі бар. Мұнда дененің үстіңгі қабаты, оның ішін- де кеудесі суық суға тигеннен тыныс алуы күрт жиілеп, қандағы көмірқышқылының құрамы төмендейді, адамның қимылы үйлесімсіз болып, өксіп тыныс алып, тез арада су астына түсіп кетеді.

Суық суға түскеннен дененің біртіндеп мұздауы салдарынан да адам батуы мүмкін. Температурасы 20 °С төмен суға түсу жылу жоғалту мен дене температурасының төмендеуін арттыра түседі. Бұл арық және жағалауға дейін жүзуге мүмкіндік бермейтіндей дене бітімі ауыр адамдарда анық байқалады. Температурасы + 4 до + 6 °С шамасындағы суға түскен адам арада 15 минуттай уақыт өткен соң денесі сіресуден белсенді қозғалыс жасай алмайды.

Көбінесе зардап шегушілер ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтері тоқтаған соң су бетіне шығарылады. Биологиялық өлім кезінде патологиялық өзгерістер қайтымсыз болса, клиникалық өлім кезеңінде дереу арада реанимациялық іс-шараларды бастаудан ағзаның маңызды қызметтерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар.

Суға бату түріне қарай зардап шегушілерді су бетіне шығарғанда олардың сыртқы белгілері де түрлі болып келеді.

Синкопе жағдайында тері жабыны бозарып, сұп-суық болады («бозарып суға батқан»). Ауызы мен мұрнынан көбік, не көпіршікті сұйықтық шықпайды.

Нақты батуда терінің реңі көкпең-көк болады («көгеріп суға батқан»). Тамырлары, әсіресе мойынындағы және аяқ-қолындағы тамырлары кеңейеді. Ауызы мен мұрынынан көпіршікті сұйықтық көптеп бөлінеді. Кеуде тұсын басқанда мұндай сұйықтық ауызынан көптеп ағады және көбінесе ол қан аралас келеді.

Тұншығудан болған өлім түрінде де тері көгереді, алайда жоғарыда аталғандай тамырлары кеңейіп, ісінбейді. Ауызы мен мұрыны ағарған немесе күлгін келетін ұсақ көпіршікті көбікке толып қалады. Асқазан тұсын басқанда көпіршіксіз сұйықтық көп көлемде шығуы мүмкін.

Суға кетуде клиникалық өлімнің ұзақтығы көпке созылмайды, сондықтан оны анықтау оңай емес. Тіршілік нышаны байқалмайтын адамды судан алып шыққанда өлім кезеңдері мен клиникалық өлім оның су астында болған уақытына жатқызылады. Өлім кезеңі қысқа болған сайын клиникалық өлім уақыты ұзарады. «Бозарып суға батқандарда» су астындағы өлім кезеңі әдетте ауырлау өтетін «көгергендерге» қарағанда, ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтері рефлекторлық жолмен бірден басылады. Сондықтан оларда реани- мациялық шаралармен құтқаруға болатын клиникалық өлім кезеңі сәл ұзағырақ уақытқа жалғасады.

Тәжірибелік бақылауларға қарағанда, су астында болу уақыты 3-5 минуттан аспаған «көгергендерді» реанимациялық шаралар арқылы құтқаруға болады, ал «бозарғандарды» өмірге оралтуға берілетін уақыт 10-15 минут шамасында.

Зардап шегушіні судан алып шыққанда көрсетілетін медициналық көмек оның жағдайының ауырлығына байланысты анықталады. Егер батып бара жатқан адам бастапқы кезеңде құтқарылса және есін жоғалтпаса, оның эмоционалдық есеңгіреуін басып, су киімін шешеді, қарқынды түрде денесін ысқылап, құрғақ киім кигізеді де, жылы орап, ыстық шәй немесе кофе береді.

Егер зардап шеккен адамның тамыры соғып, тыныс алуы тоқтамаған, бірақ есінен танып қалған болса оны тегіс жерге жатқызып, аяғын 40 – 45° жоғары көтереді, денесін қысып тұрған киімдерден босатып, мүсәтір спиртін иіскетеді, кеуде тұсына массаж жасап, аяқ- қолын уқалайды.

Судан шығарылғанда тыныс алуы мен қан айналымы тоқтаған адамға көрсетілетін алғашқы көмек тез арада клиникалық өлім жағдайынан шығаруға бағытталуы керек. Ең әуелі тыныс алуы мен қан айналымын қиындатып тұрған киімдерін босатып (көмек көр- сетуге болатын санаулы сәтті жоғалтпау үшін зардап шегушінің киімдерін шешудің қажеті жоқ), тыныс алу жолдары мен асқазанын судан арылтады да «ауыздан мұрынға» тәсілімен өкпені жасанды желдетуді (ӨЖЖ) бастау қажет.

Тек «көгерген» адамдардың ғана жоғарғы тыныс алу жолдары мен асқазанын судан арылтады, әрі оған бірнеше секунд ғана уақыт жұмсаған жөн.

Жүрек-өкпе реанимациялық шаралары кешені ұйқы күре тамырлары қайта соққанға дейін жалғасады, ал одан нәтиже шықпаған жағдайда өлімнің нақты белгілері байқалғанға дейін тоқтамауы тиіс.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close