Без рубрики

АЛАКӨЛ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛ: ПОЛИЦИЯ ОҚИҒАНЫҢ 2023 ЖЫЛЫ БОЛҒАНЫН ХАБАРЛАДЫ

Әлеуметтік желіде Алакөл жағасында болған жанжалға қатысты видео тарады. Жарияланған ақпаратта ер адам мен әйел адамның демалушылар көзінше әдепсіз әрекет жасағаны, кейін ер адамға бір топ жастың күш қолданғаны айтылған.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 2023 жылы болған. Құқық қорғау органдары жанжалға қатысқан барлық азаматтардың жеке басын анықтаған.

Ведомствоның хабарлауынша, тексеру нәтижесінде тараптардың бір-біріне ешқандай шағымы болмағаны анықталған. Сондай-ақ олар полицияға жазбаша арыз беруден бас тартқан.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close