Без рубрики
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА BTS, MADONNA ЖӘНЕ JUSTIN BIEBER ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының финалдық ойынында жанкүйерлерді ауқымды музыкалық шоу күтеді. Үзіліс кезіндегі арнайы бағдарламаның басты жұлдыздары қатарында BTS, Madonna, Shakira және Justin Bieber өнер көрсетеді.

Сонымен қатар сахнаға Burna Boy, атақты дирижер Gustavo Dudamel, PS22 Chorus хоры және Coldplay тобы шығады.
Әлем чемпионатының финалдық кездесуі 19 шілдеде АҚШ-тағы Нью-Йорк – Нью-Джерси стадионында өтеді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шоу барысында жиналған қаражат FIFA-ның Жаһандық білім беру қорына бағытталады. Жобаның мақсаты – әлемдегі балалардың сапалы білім алуына және футболмен айналысуына жағдай жасау үшін 100 миллион доллар жинау.
Қазіргі таңда қорда 50 миллион доллардан астам қаражат жиналған.



