Без рубрики
АҚТӨБЕДЕ 35 МЫҢ КӨРЕРМЕНГЕ АРНАЛҒАН СТАДИОН САЛЫНАДЫ
Ақтөбе қаласында жаңа футбол стадионының құрылысы жоспарланып отыр. Құны 6,5 миллиард теңге болатын спорт нысаны қала аумағындағы 25 гектар жерге салынады.

Жаңа арена 35 мың көрерменге шақталып, халықаралық талаптарға сай жабдықталады. Жоба УЕФА-ның 4-санаттағы стадиондарына қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылмақ.
Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа стадион Ақтөбедегі ең ірі спорт нысандарының біріне айналады. Аренада халықаралық деңгейдегі футбол кездесулерін өткізуге мүмкіндік қарастырылған.
Жобаны 2028 жылдың қыркүйегінде аяқтап, стадионды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтөбедегі Орталық стадион шамамен 13 мың көрерменді қабылдай алады. Жаңа 35 мың орындық арена қаланың спорттық инфрақұрылымын айтарлықтай кеңейтіп, футбол жанкүйерлеріне жаңа мүмкіндік бермек.



