ДЕПУТАТ ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі Қаратаев Фахриддин «Еврокристал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бет алып, мекеме жұмысымен танысты.
Шымкенттегі Еңбекші ауданында орналасқан кәсіпорын алкогольді, алкогольсіз және тамақ өнімдері үшін шыны ыдыстар шығарады. Жоспарлы кездесу кезінде халық қалаулысы мекеме қызметкерлерімен әңгімелесті. Өз кезегінде ұжым өкілдері депутатқа шыны өндірісінің көлемін ұлғайтуда шикізат өнімдерін дайындайтын кен орындарын ашу мәселесін қарастыруды ұсынды.
Мәжіліс депутаты айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелерді Үкіметке жеткізетінін айтты.
Айта кетейік «Еврокристал» ЖШС өз өндірісін 2014 жылы қолға алған. Қазіргі таңда өндіріс орны 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.