Без рубрики

КЕНТАУДА АДАМ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ ДЕГЕН ХАБАРЛАМА ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ

Кентау қаласында тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызған адам денесі табылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы полиция мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарына Яссауи даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Ақпараттан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу барған.

Полиция қызметкерлері аталған аумақты толық тексеріп, ауладағы қоқыс жәшіктерін де қараған. Алайда тексеру барысында хабарламада көрсетілген дерек расталмаған.

Қазіргі уақытта полиция жалған ақпараттың қайдан шыққанын және оның қандай жолмен таралғанын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған кез келген ақпаратқа сын көзбен қарап, оның рас-өтірігін анықтамай тұрып бөліспеуге шақырды.

Құқық қорғау органдары көрінеу жалған ақпарат тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Полицияның айтуынша, расталмаған мәліметтердің таралуы тұрғындар арасында негізсіз дүрбелең туғызып, қоғамдық ахуалға кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан төтенше немесе қылмыстық сипаттағы ақпарат тарамас бұрын оның ресми дереккөздер арқылы расталғанына көз жеткізу маңызды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close