Без рубрики
МАҢҒЫСТАУДА ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Маңғыстау облысында жарақат алған және әлсіреген жыртқыш құстарды емдеуге арналған арнайы оңалту орталығы жұмысын бастады.

Орталықта құстарға ветеринарлық көмек көрсетіліп, ем-дом жасалады және толық оңалту курсынан өтеді. Сауығып шыққаннан кейін олар табиғи мекеніне қайта жіберіледі.
Жоба сирек кездесетін жыртқыш құстарды қорғауға, олардың санын сақтауға және өңірдің биоалуантүрлілігін дамытуға бағытталған.



