Без рубрики

ҚАЗАҚСТАН АЛТЫН САТЫП АЛУДАН ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Қазақстан алтын сатып алу көлемі бойынша әлемдегі көшбасшы бес елдің қатарына енді. Биылғы екінші тоқсанда еліміздің алтын қоры 15 тоннаға артқан.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, алтын сатып алу бойынша көшті Польша бастап тұр. Одан кейін Қытай мен Өзбекстан орналасқан. Қазақстан да алтын қорын айтарлықтай ұлғайтып, әлемдегі ең белсенді сатып алушылардың қатарына қосылды.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері әлемнің орталық банктері шамамен 289 тонна алтын сатып алған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62 пайызға жоғары көрсеткіш.

Сарапшылардың пікірінше, алтынға деген сұраныстың артуына геосаяси тұрақсыздық, бағалы металдың қолайлы бағамен саудалануы және мемлекеттердің халықаралық резервтерін әртараптандыруға ұмтылысы негізгі себеп болып отыр.

Алтын қорының ұлғаюы орталық банктердің қаржылық тұрақтылықты күшейтуге және жаһандық экономикалық тәуекелдерге төтеп беру қабілетін арттыруға бағытталған стратегиясының бір бөлігі саналады.

І

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close