Без рубрики
ҚАЗАҚСТАН ҚЫРҒЫЗСТАНҒА АСТЫҚ ПЕН ҰН ЭКСПОРТЫН 1,4 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙТТЫ
Қазақстан 2025 жылғы қыркүйек пен 2026 жылғы маусым аралығында шетелге астық баламасымен есептегенде 13,1 млн тонна астық пен ұн экспорттады. Бұл өткен маркетингтік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға, яғни 1,5 млн тоннаға көп.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, осы кезеңде Өзбекстанға теміржол арқылы жеткізілген өнім көлемі 41%-ға өсіп, 5,5 млн тоннаға жеткен. Ауғанстанға экспорт 57,1%-ға артып, 2,2 млн тоннаны құрады.
Сондай-ақ Қырғызстанға астық пен ұн жеткізу көлемі 1,4 есеге өсіп, 500 мың тоннаға жетсе, Түрікменстанға экспорт 36,6%-ға артып, 205 мың тоннаны құрады.
Министрлік мәліметінше, бүгінде Орталық Азия елдері мен Ауғанстан нарығында қазақстандық астық пен ұнға сұраныс артып келеді. Негізгі экспорттық бағыт ретінде Өзбекстан көш бастап тұр, ал ең жоғары өсім Ауғанстан бағыты бойынша тіркелген.



