Без рубрики
ҚАЗАҚСТАНДА АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ ӘЛЕМДІК ОРТАША КӨРСЕТКІШТЕН ЖЫЛДАМ ӨСІП ЖАТЫР
Қазақстанда климаттың жылыну қарқыны жаһандық орташа деңгейден жоғары болып отыр. «Қазгидромет» мәліметінше, 1976 жылдан бері еліміздегі орташа жылдық ауа температурасы әр онжылдық сайын шамамен 0,4°C-қа көтерілген.

Мамандардың айтуынша, ең айқын жылыну көктем мезгілінде байқалады. Бұл кезеңде ауа температурасы әр он жыл сайын орта есеппен 0,7°C-қа артып, кей өңірлерде бұл көрсеткіш 0,9°C-қа дейін жетеді.
Сондай-ақ, 2025 жыл Қазақстандағы метеорологиялық бақылау тарихындағы ең жылы жыл ретінде тіркелді. Ал ең ыстық он жылдың тоғызы XXI ғасырға тиесілі.
Сарапшылардың пікірінше, климаттың өзгеруі табиғи құбылыстардың жиілеуіне және аптап ыстық кезеңдерінің ұзаруына әсер етіп отыр.



